Ғылыми ізденіс нәтижелерін зертханалар аясында ғана қалдырмай, өнеркәсіп алаңына шығару және оларды өндірістік мәселелерді шешуге бағыттау нақты қадамдардан басталатыны белгілі. Осындай іс-шараның бірі М.Х. Дулати атындағы Тараз университетінде ұйымдастырылып, ортақ мәселелерді талқылау үшін құрылыс саласының мамандарын бір ортаға тоғыстырды.

Атап айтқанда, 2025 жылдың 21 шілдесі мен 7 тамыз аралығында М.Х. Дулати атындағы Тараз университетінде Жамбыл облысы мен Тараз қаласының құрылыс саласындағы өнеркәсіптік кәсіпорындары, мемлекеттік органдары мен жобалау мекемелерінің мамандарына арналған қысқа мерзімді оқыту курсы өткізілді. Курс тыңдаушыларының арасында Жамбыл облысы әкімдігінің Сәулет және қала құрылысы басқармасының мамандары, ҚазСҚҒЗИ АҚ ОҚФ ғылыми-зерттеу институтының сарапшылары, Қазақ ұлттық су шаруашылығы және ирригация университетінің оқытушылары, «Сейсмотұрақты құрылыс сараптамасы», «СтройТехЭкспертиза», «СтройСнабТехМонтаж», «Qaztehnadzor-ALI» жобалау мекемелерінің өкілдері, «Ғимарат Темірбетон» зауыты, «Бином» құрылыс-монтаждау компаниясы сияқты өндірістік кәсіпорындардың басшылық және инженерлік-техникалық мамандары қатысты. Курс жұмысын ұйымдастыруға университет ғалымдары – Бекбасаров И.И., Сағындыков А.А., Нурпеисов С.К., Баялиева Г.М., Карабаев Н.Т., Шаншабаев Н.А., Атенов Е.И. өз үлестерін қосты. Университет ректорының м.а. Кабдушев А.А. тыңдаушыларға университет ғылымының жетістіктері туралы шолу жасап, ғылыми ізденістердің келешегі жайлы университет жоспарларымен таныстырды. 

Курс университетте орындалып жатқан BR24992867 «Қазақстанның су шаруашылығы және қайта өңдеу өнеркәсібін дамыту және басқарудың ресурсүнемді технологияларын дайындау, инновациялық инжиниринг орталығын құру» ғылыми бағдарламасы аясында жүргізілді. Бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру конкурсы бойынша гранттық негізде орындалып жатқан осы ғылыми бағдарламаның аясында университет ғалымдары мен мамандары поликомпонентті бетондар мен олардан жасалған конструкцияларды зерттеу жұмыстарының барысымен курс тыңдаушыларын таныстырды. Оқу барысында эксперименталдық-зерттеу жұмыстарының аралық нәтижелері баяндалды. Озық материалдар мен конструкциялар жөнінде өндіріс мамандарына жаңа мәліметтер берілді. Композиттік қоспалар мен жақсартқыштар негізінде дайындалатын құрылыс материалдарының рецептуралары мен технологиялық желілері таныстырылды. Саладағы жаңа материалдар мен технологиялар, құрамдар мен қоспалар, әдістер мен тәсілдер, конструктивтік шешімдер және т.б. талқыланды.

Оқу барысында «Ә.С. Ахметов атындағы Наноинженерлік зерттеу әдістері» инженерлік бейіндегі ғылыми-зерттеу зертханасының материалдық-техникалық базасымен және ғылыми жетістіктерімен танысқан курс тыңдаушылары сынақ зертханасының әлеуетін өзара тиімді пайдалану мүмкіндігіне қызығушылық танытты. Ғалымдардың әзірлемелерін өндіріс жағдайында тәжірибелік сынақтан өткізу мәселелеріне қолғабыс жасауға уәде етті. Одан бөлек, ҚР ҒжЖБМ ұйымдастыратын технологияларды коммерцияландыру гранттық конкурсына ұсыну үшін өндірістік серіктес ретінде ғалымдармен бірге ортақ жоба әзірлеу жұмыстары жоспарланды. Тыңдаушылар атқарылған жұмыстарға жоғары баға беріп, ризашылығын білдірді.

Курс соңында ұйымдастырушылар тарапынан тыңдаушыларға арнайы сертификаттар табысталып, орнатылған серіктестікті әрі қарай өзара тиімді форматта жалғастыру келісілді.

Бетондардың, полимербетондардың, полимерцементті фибробетондардың және бетонополимерлердің тәжірибелік үлгілерін сынау бойынша эксперименттік жұмыстардың кезекті кезеңі «Ә.С. Ахметов атындағы Наноинженерлік зерттеу әдістері» ҒЗЗ "BR24992867 - Қазақстанның су шаруашылығы мен қайта өңдеу өнеркәсібін дамыту және басқару үшін ресурс үнемдейтін технологияларды әзірлеу, инновациялық инжинирингтік орталық құру" бағдарламасын іске асыру шеңберінде орындалды. ҒЗЖ бағдарламаның күнтізбелік жоспарының келесі міндеттерін орындауды қамтиды:

1) 2.5.1 Жаңа құрылыс материалдарының сапасын, құрылымдардың геометриялық өлшемдері мен пішінін зерттеу;

2) 2.5.2 Гидротехникалық полимербетондардың құрылымы мен физикалық-механикалық және пайдалану қасиеттерін зерттеу;

3) 2.5.3 Полимербетон алудың технологиялық параметрлерін әзірлеу.

Сынақ жұмыстары АҒҚ, PhD Е.И. Атеновтың және АҒҚ, магистр Н.А. Шаншабаевтың қатысуымен т.ғ.д. И.И. Бекбасаровтың жетекшілігімен жүргізілді.

ҒЗЖ орындаудың алғашқы кезеңдерінде алдын ала дайындалған бетондардың тәжірибелік үлгілерінің беріктігін анықтау мақсатында сығымдау сынағы жүргізілді. Бетондардың бақылау және тәжірибелік үлгілерінің түрлері, олардың атаулары мен таңбалануы 1-кестеде келтірілген. Сынақтар ГОСТ 10180-2012 Бетондар. Бақылау үлгілері бойынша беріктікті анықтау әдістері талаптарына сәйкес П-125 гидравликалық пресімен жүргізілді. Бетон үлгілерін сығымдау үрдісі 1-суретте көрсетілген. Сынақ нәтижелері 2-кестеде келтірілген.

Кесте 1 – Сығымдау сынақтары жүргізілген үлгілер туралы мәліметтер

№ р/с

Белгіленуі

Аты

1

К 1-15

Бақылау бетоны

2

FC 1-15

Полипропиленді фибробетон

3

FMR 1-15

MR 1033 қоспалы полимерцементті бетон

4

FPP 1-15

ПСП-1 қоспалы полимерцементті бетон

5

FPCMR 1-15

MR 1033 қоспалы полимерцементті фибробетон

6

FPCPP 1-15

ПСП-1 қоспалы полимерцементті фибробетон

7

KE 1-15

ПН полиэфирлі шайырмен өңделген бетонополимер

 

1-сурет. П-125 гидравликалық пресінде сығымдау сынақтарын жүргізу үрдісі

2-кесте – Бетон үлгілерін сығымдау сынақтарының нәтижелері

Белгіле-нуі

Үлгілер сипаттамасы

Сынақ нәтижелері

Масса-сы,

г

Өлшем-дері,

см

 

Күйретуші жүктеме,

кН

 

Бастапқы өлшемге келтірілген үлгілер беріктігі, МПа

Сериядағы үлгілердің орташа беріктігі,

МПа

К1

2163

10×10×10

202,83

19,27

19,25

К2

2137

202,04

19,19

К3

2124

203,80

19,28

К7

2288

194,51

18,48

18,49

К8

2209

193,55

18,39

К9

2241

195,65

18,59

FC1

2093

10×10×10

212,97

20,23

20,24

FC2

2143

212,14

20,15

FC3

2133

213,99

20,33

FC7

2264

203,15

19,30

19,31

FC8

2276

202,38

19,23

FC9

2248

204,08

19,39

КЕ1

2166

10×10×10

207,90

19,75

19,75

КЕ2

2210

207,09

19,67

КЕ3

2166

208,89

19,84

КЕ7

2390

203,76

19,36

19,07

КЕ8

2394

198,39

18,85

КЕ9

2342

200,01

19,00

FMR1

2289

10×10×10

273,90

26,02

25,91

FMR2

2299

272,10

25,84

FMR3

2238

272,54

25,89

FMR7

2347

269,34

25,59

25,23

FMR8

2300

267,49

25,41

FMR9

2379

259,98

24,70

FPP1

2249

10×10×10

268,10

25,46

25,60

FPP2

2228

270,00

25,65

FPP3

2227

270,50

25,70

FPP7

2312

256,09

24,33

24,45

FPP8

2307

257,80

24,49

FPP9

2300

258,22

24,53

FPCMR1

2150

10×10×10

310,21

29,47

29,39

FPCMR2

2186

308,85

29,34

FPCMR3

2137

309,04

29,36

FPCMR7

2265

296,53

28,17

28,07

FPCMR8

2303

294,98

28,02

FPCMR9

2308

294,95

28,02

FPCPP1

2125

10×10×10

300,10

28,50

28,5

FPCPP2

2136

302,01

28,60

FPCPP3

2175

301,57

28,65

FPCPP7

2259

295,70

28,09

28,2

FPCPP8

2284

297,66

28,28

FPCPP9

2264

297,19

28,23

16–27 маусым аралығында университетімізде нысаналы қаржыландыру бағдарламасы (ПЦФ) шеңберінде «Бір ауыл – бір өнім» жобасының қатысушылары мен жеңімпаздары үшін кәсіби құзыреттілікті арттыруға бағытталған біліктілік курсы табысты өткізілді. Іс-шараны Ғылым және коммерцияландыру департаменті ұйымдастырды.

Курс «Қазақстанның су шаруашылығын және өңдеу өнеркәсібін дамыту мен басқаруға арналған ресурстарды үнемдейтін технологияларды әзірлеу, инновациялық инжиниринг орталығын құру» жобасының аясында жүзеге асырылды.

Мақсат – ауылдық жерлердегі кәсіпкерлер мен тұрғындардың кәсіпкерлік және технологиялық сауаттылығын арттыру.

Курсты университеттің білікті профессорлық-оқытушылық құрамы жүргізіп, тыңдаушыларға өздерінің ғылыми білімі мен тәжірибесін ұсынды.

Оқу бағдарламасы тыңдаушылардың өтініштері мен қажеттіліктеріне сай дайындалып, үш негізгі бағыт бойынша жүргізілді:
1. «Азық-түлік өндірісінің заманауи тәсілдері: ғылымнан тәжірибеге дейін»;
2. «Биочарды өндіру мен қолданудың озық технологиялары және өсімдік шаруашылығында органикалық өнім өндіруді ұйымдастыру»;
3. «Тоқыма және аяқ киім: бірегей бұйымдарды жасау өнері».

Курс барысында теориялық дәрістермен қатар зертханалық тәжірибелер мен практикалық сабақтар ұйымдастырылды. Тыңдаушылар университеттің заманауи зертханаларында өз өнімдерін сынақтан өткізіп, өнім сапасын арттыруға бағытталған ғылыми әдістермен танысты. Бұл тәжірибе оқу үдерісі мен өндіріс арасындағы тиімді байланысты қамтамасыз етті.

Курс соңында барлық тыңдаушыларға арнайы сертификаттар табысталды. Сонымен қатар, Жамбыл облысының «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Айдар Абдықадыров университеттің оқытушылар құрамына алғысын білдіріп, білікті әрі сапалы оқытқаны үшін алғыс хаттармен марапаттады.

Бұл курс қатысушылардың кәсіби деңгейін арттырып қана қоймай, олардың ауылдық кәсіпкерлік саласындағы нақты жетістіктерге жетуіне сенімділік береді.

Курсы повышения квалификации «Текстиль и обувь: искусство создания уникальных изделий» на базе Таразского университета им. М.Х. Дулати

С 16 по 27 июня 2025 года на базе Таразского университета имени М.Х. Дулати были организованы курсы повышения квалификации «Текстиль и обувь: искусство создания уникальных изделий» объемом 72 академических часа. Обучение проводилось в рамках ПЦФ (Программно-целевого финансирования) по проекту «Разработка ресурсосберегающих технологий для развития и управления водным хозяйством и перерабатывающей промышленностью Казахстана, создание инновационного инжинирингового центра», блок перерабатывающей промышленности: «Разработка технологии изготовления материалов лёгкой промышленности», при содействии Национальной палаты предпринимателей «Атамекен».

Цель курса — комплексное обучение созданию уникальных текстильных элементов и их интеграции в дизайн и пошив обуви. Программа направлена на развитие технических, художественных и творческих навыков в сфере декоративно-прикладного искусства и обувного производства. Слушатели овладели как традиционными, так и современными техниками ковроткачества, методами пошива и сборки обуви.

В обучении приняли участие 17 слушателей из различных населённых пунктов Жамбылской области. Курс включал лекционные и практические занятия. Практика проходила на базе учебно-научно-производственных участков «Өрнек» и «Технолог» кафедры «Текстиль, материаловедение и стандартизация».

В ходе курса участники:

- ознакомились с историей ковроткачества и обувного ремесла;

- изучили свойства и ассортимент материалов, применяемых в производстве;

- освоили ручные и механические техники ковроткачества, включая метод баскур;

- научились создавать авторские узоры и текстурные композиции;

- прошли все этапы технологии пошива, сборки и отделки обуви.

По завершении обучения всем слушателям были торжественно вручены сертификаты о повышении квалификации.

Университет қабырғасында «Қазақстан мен АҚШ арасындағы су ресурстарын басқарудағы инновациялық шешімдер: академиялық, ғылыми және коммерциялық тәсілдер» тақырыбында халықаралық ғылыми семинар ұйымдастырылды.

Семинар ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі тарапынан қаржыландырылатын BR24992867 ғылыми-техникалық бағдарламасы аясында өтті.

Бағдарламаның мақсаты – Қазақстанда су секторында және қайта өңдеу өнеркәсібінде ресурсты үнемдейтін технологияларды әзірлеу арқылы тұрақты даму қағидаттарын жүзеге асыру және осы бағытта инновациялық инженерлік орталық құру.

Семинарды Басқарма мүшесі – стратегиялық даму және интернационалдандыру жөніндегі проректор Шолпан Есімова құттықтау сөзбен ашып, су саласындағы ғылыми ынтымақтастықтың маңыздылығына тоқталды. Жобаның халықаралық сипатына ерекше назар аударып, қазіргі таңда су ресурстарын тиімді әрі ұтымды басқару - жаһандық күн тәртібіндегі маңызды мәселе екенін жеткізді.

Басқарма Мүшесі –ғылым және цифрландыру жөніндегі проректор Сейтжан Орынбаев сөз алып,еліміздің су ресурстарын басқарудағы жаңа ғылыми бағыттар мен технологияларды қарқынды дамыту жайлы сөз қозғады.

Семинар барысында шетелдік ғалымдар тағылымды баяңдамаларын ұсынды. Небраска университеті жанындағы Water Sciences Laboratory директоры профессор Дэниел Сноу «Know Your Well» бағдарламасы арқылы жастардың су сапасын зерттеуге тартылуы жайлы сөз қозғады. Небраска университетінің доценті Салех Тагваеян Небраска штатындағы су ресурстарын басқарудағы университеттің зерттеу, білім беру және тәжірибеге енгізу рөлі туралы айтты. Қазақстан-Британ техникалық университетінің PhD докторы Жанай Сағин кәсіби колледждер арасындағы халықаралық ынтымақтастық жобалары туралы, соның ішінде АҚШ, Канада, Словакия, Германия және Қазақстан елдері арасындағы тәжірибемен бөлісті. «Eurasia Group Kazakhstan LLP» компаниясының ирригация бағытының жетекшісі Анна Палто елімізде жүзеге асырылып жатқан ирригациялық жобалардың нақты мысалдарын келтірді. Ядролық физика институтының үдеткіштер бөлімі басшысының орынбасары Игорь Данько электронды үдеткіштер негізінде қолданылатын радиациялық технологиялардың су ресурстарын ұтымды пайдаланудағы мүмкіндіктерге тоқталды.

Семинар соңында өзекті мәселелер бойынша қатысушылар еркін форматта пікір алмасты. Қонақтар университет басшылығына алғыстарын білдіріп, жылы лебіздерін жеткізді.

М.Х.Дулати атындағы Тараз университетінің мақсатты қаржыландыру бағдарламасы аясында «BR24992867» Қазақстанның су шаруашылығы мен қайта өңдеу өнеркәсібін дамыту және басқару үшін ресурс үнемдейтін технологияларды әзірлеу, инновациялық инжинирингтік орталық құру. Ішкі бағдарлама II. Өңдеу өнеркәсібі блогы 1.2 қосымша тапсырма –«Тамақ және өңдеу өнеркәсібі саласында серпінді ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру» бойынша топ мүшелері: А.К. Садибаевпен, Б.Е.Солтыбаевамен, М.Е. Ержановамен, А.С. Боранкуловамен, Л.Ж.Алашбаевамен, А.С. Умирбековамен, сонымен қатар 6В07214 – «Тамақ және өңдеу өңдірістерінің технологиясы және инженерингі» білім беру бағдарламасының 3 курс студенті  Аскер Алижанның қатысуымен ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізілді.  М.Х.Дулати атындағы Тараз университетінің «Ә.С.Ахметов атындағы Наноинженерлі зерттеу әдістері» инженерлі бейінді ғылыми-зерттеу зертханасында және «Тамақ өндірісі және биотехнология» кафедрасының зертханаларында Жамбыл облысының аудандарында өсірілген, Богарная -56 (Меркі және Т.Рысқұлов аудандарында), Стекловидная -24, Безостая -1 сұрыпты (Байзақ ауданыда) бидай дәндерінің физика- химиялық қасиеттері зерттеулер жасалынды.

Сондай –ақ зерттеу жұмыстары отандық және шетелдік өндірушілердің заманауи жабдықтары, яғни  Perten Instruments (Швеция); шикі желімтек және желімтек индексін анықтайтын Глютоматик 2200; Инфрақызыл анализатор DA 7200, Инфраматик 9140 тамақ өнімдерінің анализаторында және Chopin Instruments (Франция) CD-1 зертханалық диірмені; ұнның газ түзу, газ ұстау қабілеттерін анықтайтын Реоферментометр жабдықтары қолданылды.

Ғылыми зерттеу жұмысының нәтижелері Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы сапаны қамтамасыз ету Комитеті ұсынатын басылымдар тізіміне кірген № 1(87) (2025) «Механика және технологиялар» ғылыми журналында келесі авторлармен:  А.С. Боранкулова, А.С. Умирбекова, А.К. Садибаев,  Л.Ж. Алашбаева, Б.Е. Солтыбаева,  М.Е. Ержанова «Жамбыл облысында өсірілген отандық сұрыпты бидайлардың физика-химиялық құрамын және технологиялық қасиеттерін зерттеу» (https://doi.org/10.55956/SNMB4114) тақырыбында мақала жарияланды.

 

«Ә.С. Ахметов атындағы Наноинженерлік зерттеу әдістері» ҒЗЗ "BR24992867 - Қазақстанның су шаруашылығы мен қайта өңдеу өнеркәсібін дамыту және басқару үшін ресурс үнемдейтін технологияларды әзірлеу, инновациялық инжинирингтік орталық құру" бағдарламасын іске асыру аясында ҒЗЖ жүргізілуде.

Зерттеу жұмыстары т.ғ.д. Бекбасаров И.И., PhD Атенов Е.И. және магистр Шаншабаев Н.А. қатысуымен 2025 жылға бекітілген жеке жұмыс жоспарларына сәйкес орындалуда.

Зерттеудің бірінші кезеңі келесі жұмыс түрлерін қамтыды:

1) Полимербетонға арналған толтырғыштарды, байланыстырғыш заттарды, қоспаларды іріктеу, жеткізу және дайындау;

2) Фибробетонның, полимербетонның және полимерфибробетонның түрін, мөлшерін және оңтайлы құрамын белгілеу;

3) Фибробетонның, полимербетонның және полимерфибробетонның бақылау және тәжірибелік үлгілерін дайындау;

4) Беріктігі артуы үшін бақылау және тәжірибелік үлгілерді таңбалау және сақтау;

5) Статикалық сынақтар жүргізу үшін полимербетонның, жабдықтардың, бақылау және тәжірибелік үлгілерді дайындау.

Зерттеу жұмстары М.Х. Дулати атындағы Тараз университетінің «Ә.С. Ахметов атындағы Наноинженерлік зерттеу әдістері» ҒЗЗ жүргізілді.

ГОСТ 10180-2012 талаптарына сәйкес келетін өлшемдері 100×100×100 мм болатын бетонның бақылау үогілерін жасау үшін ГОСТ 8736-2014 талаптарына сәйкес келетін ұсақ құм және ГОСТ 8267-93 талаптарына сәйкес келетін 5-20 мм фракциялы қиыршық тастар толтырғыш ретінде пайдаланылды.

Бетон үлгілерінің арматуралық элементтері ретінде FiberQazaqstan маркалы полипропилен талшығы қабылданды. Полимерлі қоспалар ретінде келесі материалдар қолданылды:

1) Тығыздығы 1,19±0,02 г/см3 сұйық консистенциядағы Masterrheobuild 1033 полимерлі суперпластификаторы;

2) Полимерлі суперпластификатор Полипласт СП-1 суда еритін ұнтақ консистенциясы;

3) Полиэфирлі шайыр ДС.

Бетон компоненттерінің фрагменттері, талшықты-бетон қоспасы, қалыптардағы үлгілер және дайын үлгілер 1-суретте көрсетілген.

1-сурет. Бетонның құрамдас бөліктері (а), олардың қоспасы (ә), қоспаға енгізілген талшық қоспасы (б), талшықты бетон қоспасы (в), қалыптардағы үлгілер (г) және дайын (ғ) бетон үлгілері.

Осылайша, бетондардың бақылау және тәжірибелік үлгілерінің келесі түрлері жасалды, олардың атауы мен таңбалануы 1-кестеде келтірілген. Барлығы 105 үлгі жасалды (2-сурет).

Кесте 1 - Сынау үшін дайындалған үлгілер туралы мәліметтер

№ р/с

Белгіленуі

Аты

1

К 1-15

Бақылау бетоны

2

FC 1-15

Полипропиленді фибробетон

3

FMR 1-15

MR 1033 қоспалы полимерцементті бетон

4

FPP 1-15

ПСП-1 қоспалы полимерцементті бетон

5

FPCMR 1-15

MR 1033 қоспалы полимерцементті фибробетон

6

FPCPP 1-15

ПСП-1 қоспалы полимерцементті фибробетон

7

KE 1-15

ПН полиэфирлі шайырмен өңделген бетонополимер

2- сурет. Сынау үшін дайындалған бетон үлгілері

Бетон үлгілері 28 күн ішінде табиғи құрғақ ауа жағдайында кептірілді. Осы уақыт өткеннен кейін 15 дана үлгінің бір бөлігі олардың бетін өңдеу үшін (толық қабатты жабу үшін) ПН полиэфирлі шайырмен өңделді (3 а-сурет).

Зерттелетін бетон үлгілерінің ылғалдылық дәрежесін анықтау үшін 105 үлгінің 63 данасы суға қанықтырылды. Үлгілер бастапқы массасы мен тығыздығын анықтау үшін таразыда алдын ала өлшенді (3 ә-сурет). Сумен қанықтыру булау камерасында жүргізілді, онда үлгілер бөлме температурасында суға толығымен батырылды (3 б,в-сурет).

3-сурет. Полимермен қапталған үлгілер (а), бетон үлгілерін өлшеу (ә), фибробетон (б) және бақылау үлгілерін (в) сумен қанықтыру үшін бу камерасына орналастыру

Зерттеудің келесі кезеңдерінде дайындалған бетон үлгілері ГОСТ 10180-2012 талаптарына сәйкес беріктік шектерін анықтау мақсатында П-125 гидравликалық престе статикалық қысу жүктемелерімен және арнайы зертханалық механикалық қондырғыда соққы әсерімен сыналатын болады.

"BR24992867 – Қазақстанның су шаруашылығы мен қайта өңдеу өнеркәсібін дамыту және басқару үшін ресурс үнемдейтін технологияларды әзірлеу, инновациялық инжинирингтік орталық құру" атты ПЦФ жобасы аясында, бас ғылыми қызметкер Калмаханова Маржан Сеитовна 2025 жылы Австрияның Вена қаласында өткен SETAC Europe халықаралық конференциясында баяндама жасады.

Баяндамада судың маңыздылығы және қоршаған ортада пайда болып жатқан ластаушы заттардың өсіп келе жатқан мәселелерін шешу үшін озық технологияларды қолдану қажеттілігі айтылды.

Зерттеу Дулати Университеті (Қазақстан), Небраска Университеті (АҚШ) және Браганса Политехникалық Институты (Португалия) арасындағы бірлескен ғылыми ынтымақтастық нәтижесінде жүргізілді. Бұл халықаралық жоба экологиялық қауіптерге қарсы пәнаралық және трансшекаралық шешімдердің маңыздылығын көрсетті.

Конференция аясында 2700-ден астам шетелдік ғалымдар бас қосты, 450 ғылыми жұмыс баяндама ретінде қабылданды. Солардың ішінде біздің ПЦФ жобасының нәтижелері де әлемдік ғылыми қауымдастық назарына ұсынылды.

Ғылым арқылы тұрақты болашаққа бірге қадам жасайық!

"BR24992867-Қазақстанның су шаруашылығы мен қайта өңдеу өнеркәсібін дамыту және басқару үшін ресурс үнемдейтін технологияларды әзірлеу, инновациялық инжинирингтік орталық құру" ПЦФ жобасы шеңберінде сарқынды сулардың құрамын мониторингтеу үшін POCIS (Polargganic Chemical Integrative Sampler) пассивті сынама алу жүйесі орнатылды. Құрылғыны орнату 2025 жылғы 2 мамырда Тараз қаласының шетінде орналасқан тұндырғышта жүргізілді.

Бұл кезеңнің мақсаты су ортасындағы органикалық ластаушы заттарды анықтау және антропогендік жүктеме дәрежесін бағалау болып табылады. Алынған мәліметтер Су ресурстарын басқару және аймақтағы экологиялық жағдайды жақсарту бойынша тиімді және тұрақты шешімдерді әзірлеу үшін пайдаланылатын болады.