Су сапасы зертхансының кіші ғылыми қызметкері Хабашова Айдана "BR24992867-Қазақстанның су шаруашылығы мен қайта өңдеу өнеркәсібін дамыту және басқару үшін ресурс үнемдейтін технологияларды әзірлеу, инновациялық инжинирингтік орталық құру" ПЦФ жобасы аясында ғылыми тағылымдамасы.
Хабашова Айдана-суды зерттеу орталығының кіші ғылыми қызметкері және М.Х.Дулати атындағы Тараз университетінің 3 курс докторанты. "BR24992867 - Қазақстанның су шаруашылығы мен қайта өңдеу өнеркәсібін дамыту және басқару үшін ресурс үнемдейтін технологияларды әзірлеу, инновациялық инжинирингтік орталық құру" ПЦФ жобасы аясында «National Laboratory Astana» ЖМ базасында ғылыми тағылымдамадан өтті. Ол белсендірілген көмірді алу және биомассадан алынған белсендірілген көмірмен (үгінділер мен қызылша) ауыр металдарды адсорбциялау әдістерін зерттеді. Бейнеде жұмыстың негізгі кезеңдері мен алынған ғылыми тәжірибесі ұсынылған.
2025 жылғы 20-30 мамыр аралығында «BR24992867 – Қазақстанның су шаруашылығы мен қайта өңдеу өнеркәсібін дамыту және басқару үшін ресурс үнемдейтін технологияларды әзірлеу, инновациялық инжирингтік орталық құру» ғылыми бағдарламасы бойынша «2.1. Республиканың оңтүстік облыстарының су ресурстары әлеуетін зерттеу және су сақтау технологияларын жасау» тапсырмасының «2.1.1. Қазақстанның оңтүстігіндегі жер асты суларының гидрологиялық жай-күйі мен орналасуын зерттеу» пунктін орындау шеңберінде жобаның ғылыми қызметкерлері Манапбаев Б.Ж., Отаров О.А. пен Егембердиев Н.Т. Жамбыл облысының аудандарына іссапарға жіберілді.
Іссапардың мақсаты - Жамбыл облысы мен Тараз қаласының жер асты сулары кен орындарындағы гидрогеологиялық көрсеткіштерді жинау және ұңғымалардың жай-күйін бағалау. Қойылған міндеттерді орындау үшін «КазТехГеостар» ЖШС гидрогеологиялық су ұңғымаларында гидродинамикалық зерттеулер жүргізуге арналған жабдығы бар УАЗ-469 базасындағы ЛСК-1 зерттеу автомашинасы жалға алынды.
Жер асты суларының гидрогеологиялық көрсеткіштерін жинау бағыты Жамбыл облысының келесі аудандары арқылы өтті: Байзақ, Т.Рысқұлов, Меркі, Қордай, Шу, Мойынқұм, Сарысу, Талас, Жуалы, Жамбыл. Сондай-ақ, деректер аудан орталықтары мен Тараз қаласының су тарату имараттарынан жиналды. Осылайша, Ақжар, Қамқалы, Аспара, Меркі, Билікөл, Жуалы, Луговой, Талас-Аса, Предпесковое, Георгевское, Шу-Новотроицк, Фурманов жер асты су кен орындарынан жалпы саны 62 ұңғыма қамтылды. Химиялық талдау үшін ұңғымалардан су сынамалары алынды, ал тікелей далалық жағдайда ұңғымалардың дебиті, судың температурасы, рН, тоқ өткізгіштігі, судың оттегімен қанығуы анықталды және ұңғымалардың жай-күйі бағаланды. Деректерді жинау кезінде көптеген ұңғымаларда суды ұтымды пайдаланбау фактілері және ұңғымалар маңындағы аумақтың біршама ластануы бар екені анықталды. Осыған қарамастан, Жамбыл облысында ауыз сумен және ауыл шаруашылығын сумен жабдықтау үшін жер асты суларын пайдаланудың зор әлеуеті бар екенін атап өткен жөн.









2024 жылдың қазан-қараша айлары аралығында Куртебаева Асель Амантайқызы BR24992867 "Қазақстанның су шаруашылығы мен қайта өндеу өнеркәсібін дамыту және басқару үшін ресурс үнемдейтін технологияларды әзірлеу, инновациялық инжинирингтік орталық құру" жобасы шеңберінде Испанияның Мадридтегі Комплутенсе университетінде ғылыми тағылымдамадан өтті. Тағылымдама барысында БЭТ, СЭМ, термогравиметриялық талдау, элементтік талдау және инфрақызыл спектроскопия әдістерін пайдалана отырып, адсорбциялық және мембраналық материалдардың сипаттамаларын алу бойынша жұмыс жүргізілді. Белсендірілген көмір мен саз негізіндегі мембраналар да синтезделді. Мембраналар сулы ерітінділерден ластаушы заттардың жаңа буынын сіңіру процестерінде сыналды. Каталитикалық дымқыл пероксидті тотығу әдісімен мембраналарды қалпына келтіру мүмкіндігі одан әрі зерттелді. Жүргізілген жұмыстың нәтижелері бойынша ғылыми мақала дайындалды.




BR24992867 гранттық жобасы аясында «Қазақстанда су шаруашылығы мен өңдеу өнеркәсібін дамыту және басқару үшін ресурстарды үнемдейтін технологияларды әзірлеу, инновациялық инженерлік орталық құру» бағытында «Су сапасы» зертханасының кіші ғылыми қызметкері Қанатбек Ұлжан Ғалымжанқызы зерттеу жұмыстарын жүргізуде.
Зерттеу жұмысы Оңтүстік Қазақстанға тән қой жүнінен биочар алу және оны суды ауыр металдар мен фармацевтикалық қалдықтар сияқты ластаушы заттардан тазартуға арналған адсорбент ретінде қолдану мүмкіндігін зерттеуге бағытталған.
Зерттеу дәлдігі мен тиімділігін арттыру мақсатында заманауи бағдарламалық құралдар қолданылады:
- AutoDock Simulation — биочар беті мен ластаушы заттар арасындағы молекулалық әрекеттесуді модельдеу үшін;
- Pymol — молекулалардың құрылымы мен кеңістіктік орналасуын визуализациялау үшін;
- RSM Expert — биочар алу жағдайларын оңтайландыру және эксперименттік деректерді талдау үшін.
Аталған зерттеу жұмысы қолжетімді органикалық қалдықтарды пайдалану арқылы суды тазартуға арналған тиімді және экологиялық қауіпсіз шешімдерді әзірлеуге өз үлесін қосады.


2025 жылғы сәуірде «BR24992867 – Қазақстанның су шаруашылығы мен қайта өңдеу өнеркәсібін дамыту және басқару үшін ресурс үнемдейтін технологияларды әзірлеу, инновациялық инжирингтік орталық құру» ғылыми бағдарламасы бойынша «2.1. Республиканың оңтүстік облыстарының су ресурстары әлеуетін зерттеу және су сақтау технологияларын жасау» тапсырмасының «2.1.1. Қазақстанның оңтүстігіндегі жер асты суларының гидрологиялық жай-күйі мен орналасуын зерттеу» пунктін орындау шеңберінде жобаның ғылыми қызметкерлері Манапбаев Б.Ж. пен Отаров О.А. Алматы қаласындағы У.М. Ахмедсафин атындағы Гидрогеология және геоэкология институтына жіберілді. Іссапардың мақсаты - материалдар жинау және институттың Қазақстанның оңтүстігіндегі жер асты суларын зерттеу жобаларымен танысу.
Институт Қазақстанда құрғақ гидрогеологияның алғашқы ғылыми мектебін құрды, оның әзірлемелері еліміздің жекелеген аймақтарын сумен қамтамасыз етуді жақсартуға бағытталған бірқатар үкімет шешімдерінің негізі болды. Жер асты суларын болжамды бағалау деректері өнеркәсіптік гидрогеологиялық зерттеулердің ұзақ мерзімді бағдарламаларын, сондай-ақ жер асты суларының қорларын іздеу және барлау жобаларын әзірлеу кезінде пайдаланылды. Институт Қазақстанның жер асты суларын зерттеу жөніндегі ғылыми орталық болып саналады.
Іссапар барысында институттың жобалары, Қазақстан Республикасының гидрогеологиялық карталарының Атласы, Қазақстанның жер асты сулары кен орындарының Анықтамалығы, институт ғалымдары шығарған монографиялар зерделенді, институттың ғылыми зертханалары мен кітапханасында жұмыс жасалды. Сондай-ақ, Жамбыл облысының жер асты суларының гидрогеологиялық көрсеткіштерін жинау бойынша кеңес алынды және іс-қимыл жоспары үйлестірілді. Осы мәселе бойынша «2.1.1. Қазақстанның оңтүстігіндегі жер асты суларының гидрологиялық жай-күйі мен орналасуын зерттеу» пунктін орындау үшін біздің зерттеулерімізге одан әрі кеңес беру бойынша келісім алынды. Институт басшылығы мен PhD доктор С.Р.Тәжиевтің пайдалы іссапарды ұйымдастырудағы көмегін ерекше атап өту қажет.





Су сапасы зертханасының кіші ғылыми қызметкері Реймбаев Ерболдың "BR24992867-Қазақстанның су шаруашылығы мен қайта өңдеу өнеркәсібін дамыту және басқару үшін ресурс үнемдейтін технологияларды әзірлеу, инновациялық инжинирингтік орталық құру" ПЦФ жобасы аясында ғылыми тағылымдамасы.
Реймбаев Ербол-суды зерттеу орталығының кіші ғылыми қызметкері және М.Х.Дулати атындағы Тараз университетінің 1 курс докторанты. "BR24992867 - Қазақстанның су шаруашылығы мен қайта өңдеу өнеркәсібін дамыту және басқару үшін ресурс үнемдейтін технологияларды әзірлеу, инновациялық инжинирингтік орталық құру" ПЦФ жобасы аясында Браганса политехникалық институтында (Португалия), CIMO зертханасында ғылыми тағылымдамадан өтті. Ол экологиялық таза сорбенттерді қолдана отырып, ағынды суларды тазарту және ластаушы заттарды адсорбциялау әдістерін зерттеді. Бейнеде жұмыстың негізгі кезеңдері мен алынған ғылыми тәжірибесі ұсынылған.
2024-2026 жылдарға арналған ғылыми, ғылыми-техникалық бағдарламалар бойынша бағдарламалық-нысаналы қаржыландыруға арналған «Қазақстанның су шаруашылығы мен қайта өңдеу өнеркәсібін дамыту және басқару үшін ресурс үнемдейтін технологияларды әзірлеу, инновациялық инжинирингтік орталық құру» жобасы бойынша «Тамақ және өңдеу өнеркәсібінде серпінді ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру» қосалқы тапсырмасы аясында "Нан өндірісінде дәстүрлі емес шикізатты пайдалануды зерттеу" тақырыбы бойынша 29 сәуір күні, 2-3-303 аудиторияда offline және online режимде халықаралық деңгейде дөңгелек үстел өткізілді.
Кездесуге "Тамақ өндірісі және биотехнология" кафедрасының оқытушылары, ЖШС"НПП" "Инноватор" ғылыми аға қызметкері Чаканова Ж.М. (Астана қ.), мемлекеттік биотехнология университетінің т.ғ.к, доцент Омельченко С.Б., т.ғ.к, доцент Юрченко С.Л., т.ғ.к, доцент Дихтярь А.Н. (Украина, Харьков қ.), ЖШС «Актобе нан» аға механник Абдыкалыков Ш.Ж. (Актобе қ.), Жамбыл индустриальды технологиялық колледжінің өндірістік оқу мастері Нышанбаева С.М., «Казагрекс» АҚ-ң ЖФ облыстық зертханасының меңгерушісі Алимбетов Н.С. және Ш.Муртаза атындағы Тараз инновациялық университетінің «Стандартизация және ветеринария» кафедрасының меңгеушісі Маликтаева П. қатысты.
Дөңгелек үстелдің қорытындысы бойынша, ғылыми–зерттеу жұмысының мақсатына сәйкес Жамбыл облысы аумағында өсірілетін бидай дәндерінің сапа көрсеткіштері бойынша жасалған зерттеу жұмыстарының негізінде алынатын өсімдік және жануар текті қоспалары бар «Таба-нан» ұлттық нанының технологиясын жасауға дйінгі жүргізілген жұмыстары бойынша және басқа да мекеме мен ЖОО-ның қызметкерлерінің қазіргі таңда жүргізіп жатқан жұмыстары бойынша тәжірибелерімен бөлісті.





Ғылым және коммерцияландыру департаменті Коммерцияландыру бөлімінің ұйымдастыруымен Бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру (ПЦФ) аясында жүзеге асып жатқан «Жеңіл өнеркәсіп материалдары мен бұйымдарының сапа зертханасы» жобасы бойынша мамандармен кездесу өтті. Жоба жетекшісі Бекжан Абзалбекұлы 350 миллион теңге көлеміндегі гранттық қаржыландыруға өтінім беру аясында «3ARU» ЖШС директоры Тоқтасын Бақытжанқызымен кездесті. Кездесу барысында жобаны жүзеге асырудың №3 механизмі шеңберінде қоса қаржыландыру шарттары талқыланып, алдағы серіктестіктің негізгі бағыттары нақты анықталды. Өз кезегінде, «3ARU» ЖШС директоры Т. Қаппарова компания тарапынан қой жүнінен жасалатын өнімдерді нарыққа шығару мен коммерцияландыруға қолдау көрсетуге дайын екенін мәлімдеді. Бұл бастама – университеттегі ғылыми жобаларды нақты өндіріс саласына енгізе отырып, өңірлік жеңіл өнеркәсіпті дамытуға бағытталған маңызды стратегиялық қадам болып табылады.

04 Маусым 2025
52



