Тамақ және өңдеу өнеркәсібі саласында серпінді ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру
М.Х.Дулати атындағы Тараз университетінің мақсатты қаржыландыру бағдарламасы аясында «BR24992867» Қазақстанның су шаруашылығы мен қайта өңдеу өнеркәсібін дамыту және басқару үшін ресурс үнемдейтін технологияларды әзірлеу, инновациялық инжинирингтік орталық құру. Ішкі бағдарлама II. Өңдеу өнеркәсібі блогы 1.2 қосымша тапсырма –«Тамақ және өңдеу өнеркәсібі саласында серпінді ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру» бойынша топ мүшелері: А.К. Садибаевпен, Б.Е.Солтыбаевамен, М.Е. Ержановамен, А.С. Боранкуловамен, Л.Ж.Алашбаевамен, А.С. Умирбековамен, сонымен қатар 6В07214 – «Тамақ және өңдеу өңдірістерінің технологиясы және инженерингі» білім беру бағдарламасының 3 курс студенті Аскер Алижанның қатысуымен ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізілді. М.Х.Дулати атындағы Тараз университетінің «Ә.С.Ахметов атындағы Наноинженерлі зерттеу әдістері» инженерлі бейінді ғылыми-зерттеу зертханасында және «Тамақ өндірісі және биотехнология» кафедрасының зертханаларында Жамбыл облысының аудандарында өсірілген, Богарная -56 (Меркі және Т.Рысқұлов аудандарында), Стекловидная -24, Безостая -1 сұрыпты (Байзақ ауданыда) бидай дәндерінің физика- химиялық қасиеттері зерттеулер жасалынды.
Сондай –ақ зерттеу жұмыстары отандық және шетелдік өндірушілердің заманауи жабдықтары, яғни Perten Instruments (Швеция); шикі желімтек және желімтек индексін анықтайтын Глютоматик 2200; Инфрақызыл анализатор DA 7200, Инфраматик 9140 тамақ өнімдерінің анализаторында және Chopin Instruments (Франция) CD-1 зертханалық диірмені; ұнның газ түзу, газ ұстау қабілеттерін анықтайтын Реоферментометр жабдықтары қолданылды.
Ғылыми зерттеу жұмысының нәтижелері Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы сапаны қамтамасыз ету Комитеті ұсынатын басылымдар тізіміне кірген № 1(87) (2025) «Механика және технологиялар» ғылыми журналында келесі авторлармен: А.С. Боранкулова, А.С. Умирбекова, А.К. Садибаев, Л.Ж. Алашбаева, Б.Е. Солтыбаева, М.Е. Ержанова «Жамбыл облысында өсірілген отандық сұрыпты бидайлардың физика-химиялық құрамын және технологиялық қасиеттерін зерттеу» (https://doi.org/10.55956/SNMB4114) тақырыбында мақала жарияланды.

16 Маусым 2025
58