Жамбыл облысының жер асты суларын зерттеу бойынша алғашқы іссапар
2025 жылғы сәуірде «BR24992867 – Қазақстанның су шаруашылығы мен қайта өңдеу өнеркәсібін дамыту және басқару үшін ресурс үнемдейтін технологияларды әзірлеу, инновациялық инжирингтік орталық құру» ғылыми бағдарламасы бойынша «2.1. Республиканың оңтүстік облыстарының су ресурстары әлеуетін зерттеу және су сақтау технологияларын жасау» тапсырмасының «2.1.1. Қазақстанның оңтүстігіндегі жер асты суларының гидрологиялық жай-күйі мен орналасуын зерттеу» пунктін орындау шеңберінде жобаның ғылыми қызметкерлері Манапбаев Б.Ж. пен Отаров О.А. Алматы қаласындағы У.М. Ахмедсафин атындағы Гидрогеология және геоэкология институтына жіберілді. Іссапардың мақсаты - материалдар жинау және институттың Қазақстанның оңтүстігіндегі жер асты суларын зерттеу жобаларымен танысу.
Институт Қазақстанда құрғақ гидрогеологияның алғашқы ғылыми мектебін құрды, оның әзірлемелері еліміздің жекелеген аймақтарын сумен қамтамасыз етуді жақсартуға бағытталған бірқатар үкімет шешімдерінің негізі болды. Жер асты суларын болжамды бағалау деректері өнеркәсіптік гидрогеологиялық зерттеулердің ұзақ мерзімді бағдарламаларын, сондай-ақ жер асты суларының қорларын іздеу және барлау жобаларын әзірлеу кезінде пайдаланылды. Институт Қазақстанның жер асты суларын зерттеу жөніндегі ғылыми орталық болып саналады.
Іссапар барысында институттың жобалары, Қазақстан Республикасының гидрогеологиялық карталарының Атласы, Қазақстанның жер асты сулары кен орындарының Анықтамалығы, институт ғалымдары шығарған монографиялар зерделенді, институттың ғылыми зертханалары мен кітапханасында жұмыс жасалды. Сондай-ақ, Жамбыл облысының жер асты суларының гидрогеологиялық көрсеткіштерін жинау бойынша кеңес алынды және іс-қимыл жоспары үйлестірілді. Осы мәселе бойынша «2.1.1. Қазақстанның оңтүстігіндегі жер асты суларының гидрологиялық жай-күйі мен орналасуын зерттеу» пунктін орындау үшін біздің зерттеулерімізге одан әрі кеңес беру бойынша келісім алынды. Институт басшылығы мен PhD доктор С.Р.Тәжиевтің пайдалы іссапарды ұйымдастырудағы көмегін ерекше атап өту қажет.





28 «мамыр» 2025
75