«Қой жүнінен алынған биочармен экологиялық шешімдер: адсорбциялық үдерістерді бағдарламалық модельдеу»
BR24992867 гранттық жобасы аясында «Қазақстанда су шаруашылығы мен өңдеу өнеркәсібін дамыту және басқару үшін ресурстарды үнемдейтін технологияларды әзірлеу, инновациялық инженерлік орталық құру» бағытында «Су сапасы» зертханасының кіші ғылыми қызметкері Қанатбек Ұлжан Ғалымжанқызы зерттеу жұмыстарын жүргізуде.
Зерттеу жұмысы Оңтүстік Қазақстанға тән қой жүнінен биочар алу және оны суды ауыр металдар мен фармацевтикалық қалдықтар сияқты ластаушы заттардан тазартуға арналған адсорбент ретінде қолдану мүмкіндігін зерттеуге бағытталған.
Зерттеу дәлдігі мен тиімділігін арттыру мақсатында заманауи бағдарламалық құралдар қолданылады:
- AutoDock Simulation — биочар беті мен ластаушы заттар арасындағы молекулалық әрекеттесуді модельдеу үшін;
- Pymol — молекулалардың құрылымы мен кеңістіктік орналасуын визуализациялау үшін;
- RSM Expert — биочар алу жағдайларын оңтайландыру және эксперименттік деректерді талдау үшін.
Аталған зерттеу жұмысы қолжетімді органикалық қалдықтарды пайдалану арқылы суды тазартуға арналған тиімді және экологиялық қауіпсіз шешімдерді әзірлеуге өз үлесін қосады.


28 «мамыр» 2025
84