CIQTEK компаниясының базасында бір апталық іссапар ұйымдастырылды

2025 жылы Қытай Халық Республикасының Хэфэй (Hefei) қаласында орналасқан CIQTEK компаниясының базасында бір апталық іссапар ұйымдастырылды. Іссапар аясында Automatic BET Surface Area & Porosimetry Analyzer заманауи аналитикалық құрылғысы бойынша шетелдік инженердің жетекшілігімен арнайы оқыту курсы өткізілді.

Аталған оқыту бағдарламасына «Химия және химиялық технология» кафедрасының меңгерушісі, PhD дәрежесінің иегері Калмаханова Маржан, аға оқытушы Серікбаева Айжан, магистрант Қанатбек Ұлжан, профессор Hélder Gomes және 1-курс докторанты Реймбаев Ербол қатысты.

Оқыту барысында BET әдісі негізінде материалдардың беттік ауданы мен кеуектілігін анықтаудың теориялық негіздері жан-жақты қарастырылып, сондай-ақ құрылғымен жұмыс істеудің практикалық дағдылары меңгерілді. Аталған іссапар қатысушылардың кәсіби біліктілігін арттыруға, ғылыми-зерттеу әлеуетін нығайтуға және халықаралық тәжірибе алмасуды дамытуға зор мүмкіндік берді.