Зерттеу жұмыстары
«Ә.С. Ахметов атындағы Наноинженерлік зерттеу әдістері» ҒЗЗ "BR24992867 - Қазақстанның су шаруашылығы мен қайта өңдеу өнеркәсібін дамыту және басқару үшін ресурс үнемдейтін технологияларды әзірлеу, инновациялық инжинирингтік орталық құру" бағдарламасын іске асыру аясында ҒЗЖ жүргізілуде.
Зерттеу жұмыстары т.ғ.д. Бекбасаров И.И., PhD Атенов Е.И. және магистр Шаншабаев Н.А. қатысуымен 2025 жылға бекітілген жеке жұмыс жоспарларына сәйкес орындалуда.
Зерттеудің бірінші кезеңі келесі жұмыс түрлерін қамтыды:
1) Полимербетонға арналған толтырғыштарды, байланыстырғыш заттарды, қоспаларды іріктеу, жеткізу және дайындау;
2) Фибробетонның, полимербетонның және полимерфибробетонның түрін, мөлшерін және оңтайлы құрамын белгілеу;
3) Фибробетонның, полимербетонның және полимерфибробетонның бақылау және тәжірибелік үлгілерін дайындау;
4) Беріктігі артуы үшін бақылау және тәжірибелік үлгілерді таңбалау және сақтау;
5) Статикалық сынақтар жүргізу үшін полимербетонның, жабдықтардың, бақылау және тәжірибелік үлгілерді дайындау.
Зерттеу жұмстары М.Х. Дулати атындағы Тараз университетінің «Ә.С. Ахметов атындағы Наноинженерлік зерттеу әдістері» ҒЗЗ жүргізілді.
ГОСТ 10180-2012 талаптарына сәйкес келетін өлшемдері 100×100×100 мм болатын бетонның бақылау үогілерін жасау үшін ГОСТ 8736-2014 талаптарына сәйкес келетін ұсақ құм және ГОСТ 8267-93 талаптарына сәйкес келетін 5-20 мм фракциялы қиыршық тастар толтырғыш ретінде пайдаланылды.
Бетон үлгілерінің арматуралық элементтері ретінде FiberQazaqstan маркалы полипропилен талшығы қабылданды. Полимерлі қоспалар ретінде келесі материалдар қолданылды:
1) Тығыздығы 1,19±0,02 г/см3 сұйық консистенциядағы Masterrheobuild 1033 полимерлі суперпластификаторы;
2) Полимерлі суперпластификатор Полипласт СП-1 суда еритін ұнтақ консистенциясы;
3) Полиэфирлі шайыр ДС.
Бетон компоненттерінің фрагменттері, талшықты-бетон қоспасы, қалыптардағы үлгілер және дайын үлгілер 1-суретте көрсетілген.

1-сурет. Бетонның құрамдас бөліктері (а), олардың қоспасы (ә), қоспаға енгізілген талшық қоспасы (б), талшықты бетон қоспасы (в), қалыптардағы үлгілер (г) және дайын (ғ) бетон үлгілері.
Осылайша, бетондардың бақылау және тәжірибелік үлгілерінің келесі түрлері жасалды, олардың атауы мен таңбалануы 1-кестеде келтірілген. Барлығы 105 үлгі жасалды (2-сурет).
Кесте 1 - Сынау үшін дайындалған үлгілер туралы мәліметтер
|
№ р/с |
Белгіленуі |
Аты |
|
1 |
К 1-15 |
Бақылау бетоны |
|
2 |
FC 1-15 |
Полипропиленді фибробетон |
|
3 |
FMR 1-15 |
MR 1033 қоспалы полимерцементті бетон |
|
4 |
FPP 1-15 |
ПСП-1 қоспалы полимерцементті бетон |
|
5 |
FPCMR 1-15 |
MR 1033 қоспалы полимерцементті фибробетон |
|
6 |
FPCPP 1-15 |
ПСП-1 қоспалы полимерцементті фибробетон |
|
7 |
KE 1-15 |
ПН полиэфирлі шайырмен өңделген бетонополимер |

2- сурет. Сынау үшін дайындалған бетон үлгілері
Бетон үлгілері 28 күн ішінде табиғи құрғақ ауа жағдайында кептірілді. Осы уақыт өткеннен кейін 15 дана үлгінің бір бөлігі олардың бетін өңдеу үшін (толық қабатты жабу үшін) ПН полиэфирлі шайырмен өңделді (3 а-сурет).
Зерттелетін бетон үлгілерінің ылғалдылық дәрежесін анықтау үшін 105 үлгінің 63 данасы суға қанықтырылды. Үлгілер бастапқы массасы мен тығыздығын анықтау үшін таразыда алдын ала өлшенді (3 ә-сурет). Сумен қанықтыру булау камерасында жүргізілді, онда үлгілер бөлме температурасында суға толығымен батырылды (3 б,в-сурет).

3-сурет. Полимермен қапталған үлгілер (а), бетон үлгілерін өлшеу (ә), фибробетон (б) және бақылау үлгілерін (в) сумен қанықтыру үшін бу камерасына орналастыру
Зерттеудің келесі кезеңдерінде дайындалған бетон үлгілері ГОСТ 10180-2012 талаптарына сәйкес беріктік шектерін анықтау мақсатында П-125 гидравликалық престе статикалық қысу жүктемелерімен және арнайы зертханалық механикалық қондырғыда соққы әсерімен сыналатын болады.
09 June 2025
47