Кептірілген қауын ұнтағының қамырға және дайын өнімге әсері бойынша ғылыми зерттеу жұмыстары
М.Х.Дулати атындағы Тараз университетінің мақсатты қаржыландыру бағдарламасы аясында «BR24992867» Қазақстанның су шаруашылығы мен қайта өңдеу өнеркәсібін дамыту және басқару үшін ресурс үнемдейтін технологияларды әзірлеу, инновациялық инжинирингтік орталық құру. Ішкі бағдарлама II. Өңдеу өнеркәсібі блогы 1.2 қосымша тапсырма –«Тамақ және өңдеу өнеркәсібі саласында серпінді ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру» бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстары бірнеше кезеңде жүргізіліп жатыр. Дайын өнімдер мен шикізаттарға зерттеу жұмыстары М.Х.Дулати атындағы Тараз университетінің «Ә.С.Ахметов атындағы Наноинженерлі зерттеу әдістері» инженерлі бейінді ғылыми-зерттеу зертханасы мен «Тамақ өндірісі және биотехнология» кафедрасында жүргізуліде.
Ұлттық таба нан құрамына құрғақ кептірілген қауын ұнтағы қосылған ғылыми зерттеу жұмыстары, жетекші ғылыми қызметкер Б.Е: Солтыбаева мен кіші ғылыми қызметкер А.С. Умирбекованың жетекшілігімен, 6В07214 - “Тамақ және өңдеу өңдірістерінің технологиясы және инженерингі” білім беру бағдарламасының студенттерінің қатысуымен орындалып жатыр.
Ғылыми зерттеу барысында әртүрлі мөлшерде ұлттық таба нан құрамына еңгізілетін кептірілген қауын ұнтағының қамырға және дайын өнімге әсері зерттелуі үшін рецептура құрастырылды. Бақылау үлгісімен қосқанда 4 сынама жасалынды.
Ғылыми зерттеу жұмысының орындалу реті төменгі суреттерде көрсетілген.
Зерттеу нәтижелері бойынша Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетіне енгізілген журналға мақала мен өнертабысқа өтінім берілді.
24 April 2025
67