Ғылыми-зерттеу жабдықтарын пайдалану бойынша оқыту ұйымдастырылды
2026 жылдың 13 –наурыз күні «BR24992867-Қазақстанның су шаруашылығы мен қайта өңдеу өнеркәсібін дамыту және басқару үшін ресурс үнемдейтін технологияларды әзірлеу, инновациялық инжинирингтік орталық құру» бағдарламасы аясында ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізу мақсатында «Тамақ өндірісінің ғылыми-зерттеу зертханасына» сатып алынған жабдықтарға Tautest ЖШС-нің өкілі Биккузин Азат Мидхатович, зерттеу тобының мүшелері мен ғылым мен айналысатын студенттерге оқыту жұмыстарын жүргізді. Оқыту барысында астыққа және одан өңделініп алынған өнімдерге зерттеу жұмыстарын жүргізуге арналған жабдықтардың техникалық мүмкіндіктері, жұмыс істеу қағидаттары, пайдалану тәртібі, зертханалық зерттеулер жүргізу кезеңдері, өлшеу дәлдігін қамтамасыз ету жолдары және техникалық қауіпсіздік талаптары түсіндірілді.
Оқыту барысында ПЧП, Белизномер, ИДК-1, Диафоноскоп, зертханалық елек және т.б. құрал -жабдықтарда зерттеу үлгілеріне тәжірибелік түрде жұмыстар жасалынып, жаңа жабдықтардың жұмыс істеу тәртібі толық түсіндірілді.
Оқыту нәтижесінде зерттеу тобының мүшелері зертханалық базаны тиімді пайдаланып, зерттеу жұмыстарын сапалы жүргізуге мүмкіндік алды.




17 March 2026
39