«ТаразКожОбувь» ЖШС кәсіпорнымен кездесу өтті

2026 жылдың 17 ақпанында М.Х. Дулати атындағы Тараз университетінің Басқарма Мүшесі –ғылым және цифрландыру жөніндегі проректоры С. Орынбаев, Ғылым және коммерцияландыру департаментінің директоры А. Қабдушев, бас ғылыми қызметкер Б.Абзалбекұлы, аға ғылыми қызметкерлер М.Шардарбек және Р.Қауымбаев «ТаразКожОбувь» ЖШС кәсіпорнымен танысып, дөңгелек үстел өткізді.

Кәсіпорын директоры Е. Абдыбаев өндірісте өндірілетін бұйымдардың ассортиментімен, даму стратегиясымен және мәселелерімен  таныстырып өтті. «ТаразКожОбувь» ЖШС - былғары бұйымдары мен былғары аяқ киімінің ең ірі өндірушісі және Қазақстандағы осындай кең өнім желісі бар жалғыз компания. Командасының ұзақ уақыт бойы табысты жұмыс істеу тарихы, жеткілікті өндірістік және адами ресурстары, сондай-ақ дамыған инфрақұрылымы бар, бұл оларға әртүрлі мақсаттарға арналған заманауи және сұранысқа ие аяқ киім шығаруға мүмкіндік береді.

Кездесу барысында университетте орындалып жатқан BR24992867 «Қазақстанның су шаруашылығы мен қайта өңдеу өнеркәсібін дамыту және басқару үшін ресурс үнемдейтін технологияларды әзірлеу, инновациялық инжинирингтік орталық құру» бағдарламасын бірлесіп іске асыру, коммерцияландыру және стартап жобаларды орындау бойынша жоспарлар талқыланды, жасалатын нақты жұмыстар айқындалды және даму жол картасын дайындаудың және орындаудың негізгі тапсырмалары келісілді.